Қазақстандықтардың әлеуметтік және еңбек мүдделерін Кәсіподақтар федерациясы назардан тыс қалдырмайды

«Өзенмұнайгаз» қызметкерлері жергілікті кәсіподағынің төрағасы Бекқали Уақбаев ҚР Кәсіподақтар федерациясына Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Жетібай кенті тұрғындары құқығын қорғауға көмектесу жөнінде өтініш білдірді.

Тұрғындардың өтінішінде «Халық-Life», «Номад», «EBRAZIA», «Standard-Life», «Freedom-finanse», «Grandes» сақтандыру ұйымдарымен жасалған ерікті зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құқықтары бұзылғаны келтірілген.

Ерікті зейнетақы аннуитеті шарттары өтініш білдірушілердің өз мүліктерін меншіктеу, қолдану және иелік ету құқықтарын жүзеге асыру шектейтінін атап өткен.

Азаматтардың айтуынша, зейнетақы аннуитеті шартын жасау барысында оларды жаңылыстырған.

Шағымданушылар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда белгіленген заңнамалық шектеулерге байланысты осы шартты бұза алмайды. Заңның 60-бабы 6- тармағына сәйкес  басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда, бірақ оны жасасқан күннен кемінде екі жыл өткен соң, зейнетақы аннуитетi шарты тек сақтанушының бастамасымен ғана бұзылуы мүмкін.

Өтініш білдірушілердің айтуынша, осы норма зейнетақы аннуитетi шартын бұзуға мүмкіндік бермей, олардың құқығын шектейді.

Мәселені зерделеген ҚР Кәсіподақтар федерациясы өз құзыреті шеңберінде әлеуметтік әріптестеріне – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бұған дейін жасалған зейнетақы аннуитетi шарттарын бұзу жөніндегі рәсімдерді жеңілдету бөлігінде заңнамаға өзгертулер енгізу туралы мәселені қарастыру жөнінде, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын бойынша басқа да шараларды қабылдау жөнінде өтініш жолдады.

Сонымен қатар, жағдайды кешенді қарастыру қажеттілігіне байланысты барлық мүдделі тараптардың  қатысуымен осы мәселені талқылайтын алаңды ұйымдастыруды қарастыру ұсынылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасады әрі ол Кәсіподақтар федерациясының бақылауында болады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы