2021 жылдан бастап Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде Жеңіс алаңы 3, 2а кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалында заң консультацияларын кәсіподақ мүшелері – облыс кәсіпорындарының қызметкерлері өтеусіз негізде алады.
“Өтініш бойынша оң нәтижеге кеңес алу үшін уақтылы жүгінген жағдайда қол жеткізіледі. 2022 жылғы 4 сәуірде шағын бизнес субъектісі кәсіпорындарының бірінің қызметкері заң клиникасының филиалына өзіне қатысты шығарылған тәртіптік жазаның заңдылығы туралы құқықтық кеңес алу туралы өтінішпен жүгінді. Қызметкер өзіне жүктелген еңбек әрекеті фактісі бойынша оған сұрақ қойылмағанына, жазбаша түсініктеме алмағанына, бұйрықпен таныспағанына шағымданды. Өтініш берушіге ҚР Еңбек кодексінің 65-бабының 2-тармағына сәйкес тәртіптік жаза қолданылғанға дейін жұмыс беруші қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті екендігі түсіндірілді.
Тәртіптік жаза қолдану туралы Акт шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып, жарияланады. Қызметкерге келісім комиссиясына жүгіну ұсынылды. 6 сәуірде жұмыскер тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күшін жою туралы берген өтінішін қанағаттандыру туралы келісу комиссиясының шешімін алып, ҚРКФ Заң клиникасының филиалына уақтылы және дұрыс заңгерлік кеңес бергені үшін алғыс білдірді”, – деді ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова.