Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты.
Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік жылында салалық кәсіподақтың қызметі және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстар, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.
Кездесу соңы марапаттау миссиясымен жалғасты, онда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Бахтыбаевты мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтап, көп жылдық еселі еңбегі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін «Ел ардақтысы» төсбелгісі табысталды.
Айта кетерлігі, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясында бүгінде 171 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері.