Рамазан айының алғашқы күндерінде Қызылордада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Ораза қабыл болсын!» науқаны өтті.
Салалық кәсіподақтың филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары арқылы медициналық мекемелердегі кәсіподақ мүшелеріне ауызашар жиынтықтары табысталды. Жақсы қасиеттерді дәріптеп, адам төзімділігі мен ар тазалығын шыңдайтын қаситетті айда жасалған сауапты іске кәсіподақ мүшелері алғыстарын білдірді.