Батыс Қазақстан облысында білім саласы мамандарымен кездесулер жалғасуда

5 сәуір күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрайымы А.Мұқашева колледждер мен облыстық деңгейдегі мектептердің Келісу комиссияларының мүшелерімен кездесіп, қатысушыларға екі семинар өткізілді. Аталған оқыту барысында кәсіподақ мүшелері белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.


Содан кейін Теректі ауданынында іс-сапар жалғасып, аудан әкімі Т.Габдушев пен аудандық ББ басшысы Ж.Хусаиновамен кездесу өткізілді.

Ауданда 36 (18 орта, 10 негізгі, 8 бастауыш) мектеп, 11 мемлекеттік және 6 жекеменшік балабақша, 24 шағын орталық, 3 қосымша білім беру ұйымдары бар. Білім беру ұйымдарында 1166 педагог қызмет атқаруда, олардың 931 жоғары білімді, 105 педагог зерттеуші санатында, 310 – сарапшы, 173 – модератор.

Ауданда педагогтардың мәселесі әлеуметтік әріптестіктің аясында шешілуде. Педагогтар медициналық тексерістен тегін өтеді. Коммуналдық өтемақылардың төлену мәселесі АББ басшысы Ж.Хусаинова мен аудандық кәсіподақ ұйымы төрайымы У.Сарсенованың назарында.

Сонымен қатар, аудандық Мәдениет үйінде Келісу комиссияларының мүшелері және білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізілді. Салалық кәсіподақтың жұмысы туралы, білім беру ұйымдары басшыларының ротациясы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Ротация туралы БжҒМ ОжМД комитеттің педагог кадрлармен жұмыс бойынша басқармасының бас сарапшысы С.Базарбаева түсіндіру жұмысын жүргізді.