Кәсіподақ өкілдері әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселесін қарастырды

“Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев пен “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласының әкімі Нұргелді Құлышовпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялануына байланысты, өңірдегі еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге, ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды жедел әрі тиімді шешуге ықпал ететін өзара іс-қимыл жасау, сонымен қатар, өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамыту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мәселелері талқыланды.