Әлеуметтік әріптестік – әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақты дамуының негізі

Қарағанды облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару мәселелерін қарады.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және осындай берешегі бар кәсіпорындардың жұмыс берушілері өкілдерінің ақпаратын тыңдап, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов әлеуметтік әріптестік тараптарының бірлескен іс-әрекеттерімен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті 31,2%-ға төмендетудің сәті түскенін және әлеуметтік аударымдар бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4%-ға өскенін атап өтті.

Берешекті азайту бойынша оң динамиканы сақтап, берешек жеткіліксіз түрде азаятын кәсіпорындарға – Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ»КМК, «НОМАД» фирмасы ЖШС және т. б. ерекше назар аудару қажет.

Аталған кәсіпорындардың өкілдері отырысқа қатысушыларды осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Әлеуметтік әріптестік тараптары Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының (төрағасы – Болат Жұмабеков) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, мүдделі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік корпорациялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге қатысты шағын және орта бизнес субъектілеріне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға байланысты мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» өткізу туралы ұсынысын қолдады.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласының әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясына қаланың жекелеген кәсіпорындарында міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті қарау және барынша азайту жөнінде ұсынымдар берілді.