Басты мақсат – халық игілігіне жұмыс жасау

Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Шардара аудандық филиалына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.


Бүгінде «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Шардара аудандық филиалында 71 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері. Басшысы – Бақытжан Мыңбатыров, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Гүлжан Көшербаева.

Аталған кездесуде кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған шараларды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын талқылады.

Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.