Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті “Әлеуметтік әріптестік – табысты еңбектің кепілі” тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.
Шараға білім саласы кәсіподағының Ақмола облыстық делегациясы қатысты. Аталған мамандар білім беру жүйесінде әлеуметтік әріптестікті дамыту тетіктері туралы баяндамалар жасап, тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыстар бөлімінің HR менеджері Г.Айкумбаева, аумақтық кәсіподақтар орталығының төрайымы, салалық кәсіподақ ұйымының жетекшілері, білім саласы мамандары қатысты.