Александр Скворцов «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы болып 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Жұмысының алғашқы күндерінен бастап «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Энергетика жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ кәсіподақ ұйымының қатарына енді.
Ол кәсіпорынға 1982 жылы Павлодар индустриалды институтының энергетика факультетін бітіргеннен кейін бірден келді.
Энергия өндіруде энергия тұтынуды оңтайландыру «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жұмысындағы маңызды бағыт болып табылады.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындарда энергия үнемдеу – бұл энергия тұтынуды азайтуға бағытталған және энергия ресурстарын тұтынуды оңтайландырудың үнемді және тиімді тәсілдерінің мұқият әзірленген бағдарламасына негізделген шаралар кешені. «Павлодарэнерго» компаниялар тобы энергия үнемдеу процесін оңтайландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Тиімділікті арттыру және энергия ресурстарын есепке алу мен бақылауды ұйымдастыру мақсатында 2022 жылға 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-да бірқатар іс-шаралар жоспарланған», – деді А.Скворцов.
Жемісті еңбек еткен жылдар ішінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы А.Скворцов тәжірибесі мен білімін жас мамандарға береді.