«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда салалық кәсіподақтың төрағасы Е.Каппель сөз сөйледі.
Шара барысында кәсіподақтың міндеттері мен жұмыс бағыттары анықталып, қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды. Сондай-ақ, «Павлодар облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының жұмысы туралы ақпаратпен төраға П.Сурма сөз сөйледі.
«Жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасалады, онда әлеуметтік жеңілдіктер пакеті көзделеді. Облыста осы бағытта оң жұмыс тәжірибесі жинақталды, онда кәсіпорын басшылары «Киров» ЖШС, «Луганск» ӨК, «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС қызметкерлеріне қосымша жеңілдіктер беру мәселелеріне түсіністікпен қарайды. Олардың барлығы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық конкурсының лауреаттары», – деп атап өтті П.Сурма.
Күн тәртібі бойынша қосымша әлеуметтік әріптестік, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жылын өткізу мәселелері қаралды.