Салалық кәсіподақ төрағасы семинарға қатысты

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева Шымкент қосалқы мектеп-интернатында «Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде әлеуметтендірудің проблемалары мен приоритеттері» семинарына қатысты.

Шымкент қаласы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен жиынға қаланың білім ұяларынан жүзге жуық педагог-мамандар мен бүлдіршіндердің ата-аналары шақыртылған. Жиналғандар ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарына қатысып, қосалқы мектеп-интернаты контингентінің психо-физиологиялық ерекшеліктерімен танысып, тәжірибе алмасты.

Семинарда ұлттық тағамдарды әзірлеу «Қаттама пісіру», ою-өрнекті біріктіру тәсілдері, «Сүт сыйы» тәжірибелік-танымдық тәрбие сағаты, ертегі желісі арқылы балалардың сенсо-моторикасын дамыту, «Көктем келбеті» логопедиялық жұмыс сабақтары, “Жүн және иірілген жіптермен жұмыс” тәжірибелік-танымдық тәрбие сағаттары өтілді. Интернат тәрбиеленушілері келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, әуезді ән шырқап, би билеп шараға белсене қатысты.