Өндірістегі қауіпсіздік – балалар көзімен

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы С.Михайлюк Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-де ұйымдастырылған балалар суреттері байқауының комиссия құрамына кірді.

20-дан астам бала «нақты уақыт» режимінде өндірістегі қауіпсіз еңбек тақырыбы бойынша суреттермен жұмыс істеді. Балалар суреттерінің байқауы – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған үлкен айлық бағдарламаның бір бөлігі. Байқау жеңімпаздары мереке қарсаңында жарияланады.