Аптаның басы жақсы жаңалықтармен басталды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлының сәуір айының басынан бері жасалған консультативтік жұмыстарының нәтижесінде Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясы, №15 Төртүл-Төбе жалпы орта мектебі, ЖШС «Ыбырай Алтынсарин» атындағы бастауыш мектебі, «Жұлдыз бөбекжай – балабақшасы» және Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-гимназиясының ұстаздары Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының құрамына кірді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясы Кентау қаласында ең бірінші құрылған қара шаңырақтардың бірі. Бұл оқу ордасы ҚР еңбегі сіңірген актерлері Асанәлі Әшімов және Райымбек Сейтметов сынды өнер саңлақтарының білім алған ордасы. Жоғарыда аталған 5 бастауыш кәсіподақ мүшелері білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтерумен жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолданады.
Жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымдары республика бойынша ҰБТ-дан жоғары көрсеткіштерді көрсетіп келеді. Сонымен қатар, республикалық пәндік олимпиадада және ғылыми жобалар бойынша алдынғы орын иегері атанып жүр. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.