Ақтөбеде кәсіподақ мүшелері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Ақтөбе қаласын тазалауға және көркейтуге бағытталған жалпықалалық сенбіліктерге «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері белсенді қатысты.


Өткен аптада салалық кәсіподақтың әлеуметтік әріптестері болып табылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері белсенділік танытып, қала көшелерін қыс бойы жиналған қоқыстан тазалап, талдар мен гүлдер отырғызып, қаланың таза болуына үлестерін қосты.

Кез-келген мемлекеттік маңызды шаралардан тыс қалмайтын кәсіподақ мүшелері бұл жолы да өздерінің ауызбіршілігін көрсетіп, басқаларға үлгі бола білді. Облыс көлемінде жарияланған екі айлық тазалық жұмыстары аясында кәсіподақ мүшелері сенбіліктерге тұрақты түрде қатысатын болады.