Кәсіподақ көшбасшысының мектебі: Кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері қаралды

«Кәсіподақ көшбасшысының мектебі» білім курсы барысында ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қайта сайланған төрағалары мен жаңадан бастаушы кәсіподақ белсенділеріне арналған семинар өткізілді.

Шараны ашқан жобаның авторы әрі үйлестірушісі – ҚР КФ Ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті диреторының орынбасары Ләззат Есжанова семинарға қатысушыларға оқу жоспары және бағдарламасы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, семинарда еңбеккерлер құқығы мен мүддесін қорғауда көп жыл тәжірибесі бар беделді кәсіподақ қайраткерлері дәріс оқиды. Ләззат Есжанованың атап өтуінше, оқу курсы біткенде тыңдаушыларға «Кәсіподақ көшбасшысы мектебін» бітіргені туралы куәлік беріледі.

Семинарда тыңдаушылар кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері мен кепілдіктермен танысты. Осы тақырыпта ҚР КФ төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева тарқатып айтып берді.

Спикер кәсіподақ қызметін реттейтін халықаралық құқықтық құжаттар мен заңнамалық актілерге тоқталды.

«Халықаралық ұстанымдарға сәйкес жұмыскерлер кәсіподақтың кез келген түрін аша алады. Кәсіподақты құру үшін рұқсат алудың қажеті жоқ. Жұмыскерлер кәсіподаққа тек оның жарғысын орындаймын деген бір талаппен кіре алады, яғни мүше болу не болмау құқы еркін», – деді Гүлнара Жұмагелдиева.

Ол Халықаралыққ еңбек ұйымының №87 «Кәсіподақтарға бірігу еркіндігі және құқығын қорғауы туралы» конвенциясының нормаларын түсіндіріп берді.

ҚР КФ төрағасының орынбасары конвенция барлық еңбеккерлер мен кәсіпкерлерге өз таңдауы бойынша ұйым құруға немесе осындай ұйымдарға алдын ала рұқсат сұрамастан кіруіне құқық береді, сондай-ақ ұйымдардың қызметіне биліктің араласпауы секілді көптеген тәуелсіздік кепілдіктерін айқындайды.

Сонымен қатар Халықаралыққ еңбек ұйымының №35 «Кәсіпорындарда жұмыскерлер өкілдерінің құқықтарын және оларға берілген мүмкіндіктерді қорғау туралы» конвенциясында бірқатар норма қарастырылған. Конвенция еңбеккерлерге өз мүдделерін қорғау, жұмыстарын орындауда кәсіптік дағдыларын және мүмкіндіктерін қолдану үшін ауқымды мүмкіндіктер ұсынады.

Соның ішінде маңызды құжаттар ретінде ХЕҰ-ның №98 «Кәсіподаққа бірігу және ұжымдық шарттардың жүргізу құқығының ұстанымдарын қолдану туралы» конвенциясы аталып өтті.

«Конвенция бірігу еркіндігін шектеуге бағытталған, іс-әрекеттерге қарсы қорғануды, бір бірінің ісіне араласуына қарсы еңбеккерлер және кәсіпкерлер ұйымын қорғауды ұсынады, сондай-ақ ұжымдық шарттарды ынталандыру және дамыту мақсатындағы шараларды анықтайды», – деді Гүлнара Жұмагелдиева.

Кәсіподақ қызметін реттейтін еліміздің заңнамасы туралы айта келе ол ҚР Конституциясы, «Кәсіптік одақтар туралы», «Коммерциялық емес бірлестіктер туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдарға және Еңбек кодексіне тоқтала кетті.

Ол кәсіподақты құру, оның функциясы, міндеттері, құқықтары және міндеттемелеріне, кәсіподақ мүшесінің жарнасын төлеуі және әлеуметтік әріптестік мәселелеріне толығырақ тоқталды.

«Кәсіподақтың қорғану функциясы – бұл еңбек саласындағы жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу және бұзылса оны қалпына келтіруге бағытталған кәсіподақ органдарының қызметі, сондай-ақ бұзуға жол бергендерді жауапкершілікке тарту. Жұмыскер мүддесін қорғаушы өкілдің функциясы Еңбек кодексінде белгіленген. Оған сәйкес әлеуметтік әріптестікте жұмыскер өкілі кәсіподақтар мен оның бірлестіктері болып айқындалған. Кәсіподақ туралы заңда олардың сәйкесінше құқықтарымен кәсіподақтардың осы екі маңызды функциясы біріктірілген», – деді Гүлнара Жұмагелдиева.

ҚР КФ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Әсел Молдағалиева тыңдаушыларды дауларды медиация тәсілдерімен қарастыру жайын таныстырды.

Дәріскер келіспеушілікті бейбіт жолмен шешудің артықшылықтары, сондай-ақ медиацияның ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Медиация барысында тараптардың достық және жайлы қарым-қатынасты сақтауға, уақыты мен күшін үнемдеуге мүмкіндіктері бар», – деді Әсел Молдағалиева.

Ол медиатор функионалы мен медиация үдерісін заңнаманың рерттеуіне қатысты тұстарын түсіндірді.

«ҚР медиация туралы» Заңына сәйкес медиация үдерісі 30 күн, жекелеген жағдайларда 60 күн деп белгіленген. Медиативті келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы 95 пайыз. ҚР Жоғарғы Сотының мәліметі бойынша, медиация тәртібімен шешілген даулар бойынша бұл көрсеткіш жыл сайын артып отырған, 2013-2020 жылдары – 13%-дан 95%-ға дейін жеткен», – деді спикер.

Еске сала кетсек, Кәсіподақтар федерациясының жаңа білім жобасы 27 сәуірде басталды. Кәсіподақ көшбасшысын оқыту курсы 3 айға созылады немесе 36 академиялық сағат болып есептелген. Ол жұмыс жоспарына сәйкес аптасына екі мәрте жүргізіледі. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, жастар кеңестерінің мүшелері және ҚР Кәсіподақтар федерациясына мүше барлық салалық ұйымдардың кәсіподақ белсенділері кезең кезеңмен оқиды.

Еске сала кетсек, 2021 жылы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ білімінің деңгейін көтеруге бағытталған бірқатар шараны қолға алды. Кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің түрлі санаттарына арналған оқу семинарлары бағдарламасының тереңдетілген курстары әзірленді. Кәсіподақтар федерациясы мен оған мүше ұйымдардың тәжірибелі қызметкерлерінен дәріскерлер пулы жасақталды.

2021 жылы 619 оқу семинары өткізілді, оған 38 044 кәсіподақ мүшесі қатысты. Кәсіподақтың білім марафоны аясында 89 оқу семинары өткізілді. Ол 17 өңірді және 18 салалық кәсіподақты қамтыды, оған кәсіподақ қозғалысының 10 250 өкілі қатысты.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы