Еңбек дауларының алдын алу – кәсіподақ қызметінің негізгі бағыты

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Павлодар облыстық соты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері мен Павлодар қаласының судьяларының «ҚТЖ жүк тасымалы» ЖШС филиалының – «Павлодар филиалы» МКҚК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі филиалы» бітімгершілік комиссиясының құрамымен, кадрлар бөлімі және заңгерлермен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – еңбек заңнамасын, жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібін түсіндіру.

Павлодар қалалық сотының судьясы Т.Асанова жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек дауларын шешу тәртібі туралы түсіндірді, еңбек даулары бойынша шешімдері заңды күшіне енген істер бойынша сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Судья  Ж.Камалова неке-отбасылық дауларды қарау және ерлі-зайыптыларды татуластыруға медиаторлар мен психологтар қатысатын «Отбасылық сот» жобасын жүзеге асыру туралы айтты.

ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова еңбек дауына қатысушыларды медиация арқылы татуластыру мүмкіндігін кеңінен пайдалануға шақырды, бұл ретте келісім комиссиясына жүгіну мерзімі тоқтатыла тұрады, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының жұмысы туралы айтты.

Кездесуге қатысқан «ҚТЖ-Павлодар жүк тасымалы» ҰК» АҚ Павлодар филиалының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кездесулерді жүйелі негізде жалғастыруға ниет білдірді.