Айгүл Мұқашева: “Референдум – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам”

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева:

Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдаймын.

Референдум еліміздің болашақтағы даму жолына оң әсерін береді деп сенеміз. Бұл бастама – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам.

Референдум әрбір азаматқа ел болашағын анықтайтын тарихи оқиғаға қатысуға мол мүмкіндік береді.

Баршаңызды Президент бастамасын қолдауға шақырамын.