Нұр-Сұлтан қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов:
Мемлекеттің Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу – әрбір қазақстандыққа әсер ететін тағдырлы оқиға. Қазір Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдау қажет.
Мемлекет басшысының референдум туралы шешімі егемен Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің басталғанын айғақтайды, әрбір қазақстандық еліміздің тағдыры үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің” басты қағидаты халықпен кері байланыстың тиімді арналарын құру, азаматтардың пікіріне қалтқысыз қарау болып табылады және біз осы маңызды саяси қадам қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтуға жаңа серпін беретініне сенімдіміз.
Азаматтық қоғам өкілдері мен ел азаматтары демократияны дамытуға, қоғамның мемлекет саясатын басқаруға қатысуына және оның қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімделуіне бағдарланған Жаңа Қазақстанды құруды қолдайды.
Алдағы референдумның сапасы, ашықтығы мен әділдігі Қазақстанның одан әрі тұрақты және табысты әлеуметтік-саяси дамуының кепілі болып табылады.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының референдумды өткізу жөніндегі бастамасы мен үндеуін толық қолдаймыз және бұл үндеуді белсенді түрде кәсіподақ мүшелеріне насихаттайтын боламыз.