Мақсұт Нәлібаев: “Әрбір азамат өз ұстанымын танытып, алдағы референдумға белсене қатысуы тиіс”

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев:

Қадірлі жерлестер!

Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясы – Қазақстан еңбеккерлерінің ең ірі бірлестігі.
Бүгін Атқару комитетінің шешімімен ҚР Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау туралы үндеуі қабылданды.
Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ретінде Мен еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті дамытуға өз үлесін қосып келе жатқан Кәсіподақтар федерациясының Үндеуін толық қолдаймын.

Барша халық Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадамның, тарихи сәттің куәсі болады.

Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған. Аймақ кәсіподақтары Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды.

Әрбір азамат өз ұстанымын танытып, алдағы референдумға белсене қатысуы тиіс. Барша азаматтарды, барлық кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік әділеттілік қағидасын берік ұстанатын Жаңа Қазақстанды құруда белсенді болуға шақырамын!