Бағлан Қарашолақов: “Алдағы реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін әрбір азамат референдумға қатысуы керек”

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Бағлан Қарашолақов:

  Құрметті отандастар, жерлестер!

​Қазақстан Республикасы өзінің егеменді, зайырлы және демократиялық ел ретінде дамуының тағы бір айшықты белесіне шықты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Жарлығына сәйкес алда өтетін республикалық референдум болашағымызды айқындап, өркендеп дамуына және әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделерінің мүлтіксіз қорғалуына кепіл болатынына сенімдіміз.

Қазір жаңа заман, жаңа форматтар мен адамдардың уақыты келді. Бастамалардың бәрі жүзеге асырылатынына сенемін.

​Еліміздің кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қоғамымыздың белсенді және ажырамас бөлігі ретінде ел тағдырының болашағына бей-жай қарамайды деп ойлаймын.

Алда тұрған ауқымды реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін әрбір азамат өзінің Конституциялық құқын пайдаланып, осы референдумға белсене қатысуы тиіс. Мен барлықтарыңызды өз азаматтық позицияларыңызды білдіруге шақырамын.

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Себебі, өзгерістер өзімізден басталады!