Мемориалды тақта ашылды

Қарағандыда көктемнің шуақты күнінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының бірінші басшысы, қаржы жұмысының үздігі, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының бірінші төрағасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Мылтықбай Қаблатұлы Ғазалиевтің мемориалдық тақтасының ашылуына арналған естелік іс-шара өтті.


Көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ардагерлердің, кәсіподақ және мемлекеттік органдар өкілдерінің, салық қызметінің қызметкерлері мен жас мамандарының қатысуымен өткен естелік іс-шара Мылтықбай Қаблатұлы еңбек жолын бастаған Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының алдында салтанатты түрде өтті.

Мылтықбай Каблатұлы қатардағы маманнан бастап Қарағанды облысы бойынша алғаш рет құрылған салық инспекциясының басшысына дейінгі жолдан өтті, одан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Басқармасында табысты жұмыс істеді, кейіннен алғаш рет құрылған «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының облыстық филиалының жұмысын ұйымдастырды.
Жұмыстың барлық салаларында ол жоғары кәсіпқой, лайықты азамат және табысты ұйымдастырушы болды.

Еске алу кездесуіне қатысушылардың барлығы Мылтықбай Қаблатұлы Ғазалиев өзінің кәсіби тәжірибесін жас ұрпаққа беретін талапшыл әрі әділ басшы, жұбайы Бақыт Серікқызымен бірге Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары – Ұлы Медет пен қызы Мәдинаны тәрбиелеген тамаша отбасы адамы болғанын атап өтті.