Реформаның рөлі талқыланды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы, Қарағанды облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің басшысы Болат Жұмабеков үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды қолдау жөніндегі үндеуімен Үйлестіру кеңесінің мүшелерін таныстырды және халықты объективті ақпараттандыруға және өңірдің еңбек ұжымдары арасында ұсынылған реформаларды түсіндіруге белсенді қатысуға шақырды. Ол еліміздің Негізгі Заңына демократиялық реформаларға, халықтың билік көзі ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған 33 бапқа түзетулер енгізіліп жатқанын атап өтті.


Кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары еліміздің болашақ тағдыры және жаңа Қазақстанды құру үшін жауапты шешімдер қабылдай отырып, кәсіподақ мүшелері арасында түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізуге және референдумға қатысуға өздерінің сенімдері мен дайындығын білдірді.

«KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы төрайымының міндетін атқарушы Татьяна Шатохина Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы штаб құрамымен және облыстың еңбек ұжымдарындағы кездесулер бағдарламасымен таныстырды.

Штаб мүшелері, салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдарының төрағалары Қарағанды облысының округтік комиссиялары мен сайлау учаскелерін қоғамдық бақылаумен барынша қамту үшін өңірдің кәсіподақ қозғалысының белсенділерін тәуелсіз бақылаушылар ретінде шығаруға дайын екендіктерін мәлімдеді.