«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қалалық жалпыұлттық референдумды қолдау аясында құрылған өңірлік штабтың отырысына қатысты. Кездесуде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан төрағалық етіп, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері, жергілікті азаматтық белсенділер, Қоғамдық штабтың мүшелері бас қосты.
Кездесу барысында Қоғамдық штабтың мүшелері Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді қолдайтындықтарын алға тартып, сайлауалды ақпараттық-насихаттық жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығы туралы сөз қозғалды.
Сондай-ақ, жиында референдум бойынша жұмылдырылған ұйымдастыру топтарына қандай көмек қажеттігі және штаб мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті.