egemen.kz: “ҚРКФ кәсіподақ мүшелеріне үндеуі”

Атқару комитетінің шешімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федера­циясының Қазақстан Республи­касының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау туралы үндеуі қабылданды.

Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан еңбеккерлерінің ең ірі бірлестігі ретінде Еңбек адамының құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғай отырып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті дамытуға өз үлесін қосуда.

Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған қоғамды жаң­ғырту бағыты барлығымызға еліміздің сая­си жүйесінде орын алып  жатқан тарихи өзгерістердің қатысушысы болуға бірегей мүмкіндік береді.

Біз Мемлекет басшысының Қазақ­стан Конституциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдаймыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар феде­рациясы халықты дұрыс  ақпарат­тандыруға және еліміздің азаматтарына ұсынылып отырған реформаларды түсін­діруге белсенді қатысу ниетін білдіреді.

Заңнамалық өзгерістерге жалпыха­лықтық дауыс беру – әрбір қазақстандықтың саяси бағытты қалыптастыруға қатысу құқығын және өз елінің болашақ тағдыры үшін жауапты шешім қабылдау құқығын айқындайтын тарихи әділеттілік актісі. Бұл Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам.

Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір аза­мат­тың негізгі құқықтары мен кепілдік­терін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған.

Бүкіл әлем үшін қиын-қыстау кезеңде қазақстандықтар бірігіп, азаматтық ұс­танымын танытып, алдағы референдумға белсене қатысуға тиіс.

Өткен жылдардың тәжірибесі бүкіл қоғамның бірігуі мен саналы қолдауы ғана демократиялық өзгерістер мен әлеуметтік әділеттілік қағидаларын алға бастырудың негізі бола алатынын көрсетті.

Кәсіподақтар бірлескен күш-жігер­мен біз лайықты болашаққа және барша қазақ­стандықтардың әл-ауқатын арт­тыру­ға бағыт-бағдарымызды  жалғас­тыра­тынымызға сенімді.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атқару комитеті

https://egemen.kz/article/311530-qrkf-kasipodaq-mushelerine-undeui