«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова: “Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдаймын. Референдум — мемлекеттік реформаларды жүзеге асырудың маңызды қадамы деп білемін. Өйткені, бұл жерде тек биліктің шешімі ғана емес, халықтың үні естіліп, демократияның нышаны көрініс таппақ. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың пікірі құнды екенін айқын білдіріп отыр.
Әділдік, құқықтық теңдікті ұран еткен кәсіподақ ұйымдары үшін бұл бастаманың мәні зор. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымын бекітіп, құқығын қорғайды деп сенеміз”.