Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының құрамындағы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ағымдағы жылдың 5 маусымы күні өтетін жалпыұлттық референдум бойынша мәжіліс өтті.
Жиында сөз алған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әлия Аширова Конституциялық реформаның бағыттарын түсіндіріп, осы бастамалардың елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететіндігін, билік пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанына назар аударды.
Конституциялық реформа дегеніміз қоғамның сұранысы мен ұсынысына негізделген саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру. Қолданыстағы Конституция 98 баптан тұрса, рефендум барысында 31 бапқа түзету енгізіліп, 2 жаңа баппен толықтырылады. Бұл Конституцияның үштен бірі өзгереді, яғни, референдум барысында Ата Заң жаңа сипатқа ие болады деген сөз.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің Ата заңымызға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға қатысты сауалдарына көкейкесті сұрақтарына жауаптар берілді.