Қостанай облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу жөніндегі желілік кесте аясында еңбек ұжымдарымен кездесулер өтуде. Сонымен, ағымдағы жылдың 16 мамырында Ы.Алтынсарин аудандық мәдениет үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Юлия Сизухина жастар ресурстық орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Юлия Сизухина атап өткендей, Мемлекет басшысының тарихи шешімінің арқасында 1995 жылдан бастап алғаш рет конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондықтан оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы маңызды.
Кездесу аясында еліміздің негізгі Заңына енгізілетін алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат айтылды. Еліміздің Президенті конституциялық өзгерістерді республикалық референдумға шығаруды ұсынды. Еңбек ұжымын өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және референдумға белсенді қатысуға шақырды. Референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді.