Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына мүше “Шапағат-педагог” білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі мен Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Сайрам ауданының құрметті азаматы Бермаханбет Нұртановтың 85 жылдығына орай еске алуға арналған мұғалімдер арасындағы волейболдан аудандық турнир өтті.
Жалпы орта білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 19 команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі жарыстың басталуымен құттықтап, турнирге қатысушылардың баршасына сәттілік пен жеңіс тіледі.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн. Барлық команда мүшелері жарысқа жақсы дайындықпен келіп, белсенді түрде қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.