Түркістанда референдумның маңызы айтылды

Республикалық референдум өткізу шараларына дейінгі ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Сайрам ауданының «Бибиниса Ана» бөбекжайының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, елімізге елеулі өзгеріс әкелетін маңызды шешім қабылданар тұста барша қатысушыларды алдағы 5 маусымда өтетін референдумда белсенділік танытуға шақырды.

Өз кезегінде жиналғандар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауаптарын алып, бұл бастаманы бірауыздан қолдап, саяси науқанға қатыстындарын алға тарты.