Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы республикалық референдумды қолдау жөніндегі өңірлік штаб мүшесі Татьяна Мирхайдарова 1-ЖЭО және ЖЭО-3 еңбек ұжымдарының мүшелерімен түсіндіру-ақпараттық жұмыс жүргізді.
Кездесу барысында 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум туралы айтып, барлығын еліміздің болашағы үшін жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.