Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Референдум Ата заңымызға реформаларға байланысты өткізілмек.
Конституциялық реформа – келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Референдум жайлы маңызды сұрақтарға жауап беру, қоғамдық ой-пікірді талқылау мақсатында Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ. Әбенов білім бөліміне қарасты мекеме басшыларымен кездесу өткізді.
“5 маусым күні әр адам Референдумға келіп, өз таңдауын жасайды деп ойлаймыз”, – деп атап өтті кездесуге қатысқандар.