Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Алдағы конституциялық реформа – саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асырудағы Мемлекет басшысының наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған маңызды қадам. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады.
“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Салтанат Төлегенова, сондай-ақ КZ Студенттер альянсының төрағасы Ажар Аманжолов, Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері Шарбақты ауданында үш кездесуде болды. Кездесулерге әртүрлі санаттағы 32 адам қатысты: ардагерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлер, тіпті шекарашылар. Көрермендер үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Бір жарым сағат ішінде референдумның мәні мен мазмұны жете түсіндірілді.