Кәсіподақ бастауыш ұйымдармен кездесу ұйымдастыруда

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында  салалық кәсіподақ өкілдері Қаракемер мектеп-балабақшасы ұжымымен кездесу өткізді. Шара барысында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум туралы ақпараттар айтылды.

Қатысушыларға саяси жүйені жаңғыртуға қатысты жалпыхалықтың референдум өткізудің маңызы туралы жан-жақты түсіндірілді.

Аудандық кәсіподақ төрайымы Г.Досқалиева көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, реферндумның маңызы туралы жан-жақты баяндады.