Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынылған референдумды түсіндіру және қолдау бойынша түрлі мекеме және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесулер одан әрі жалғасуда. Осы орайда Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынылған референдумға қатысуды талқылау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы, Орал қалалық штабының төрағасы С.Сүлеймен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсіндіріліп, университет оқытушыларының сұрақтарына жауап берілді. Штаб төрағасы оқу орнының ұжымын референдумда белсенділік танытуға және өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырды.
Сонымен қатар, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы, Орал қалалық штабының төрағасы С.Сүлеймен «Квант» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ал 23 мамыр күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аппарат қызметкерлері Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты ұжымымен кездесіп, 2022 жылғы 5 мамырда өтетін референдум жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ҚР Президентінің бұл бастамасының маңыздылығын жеткізіп, референдумға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университетінде Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аппарат қызметкерлері кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Шара соңында қатысушыларға түсіндірме буклеттері таратылды, сонымен қатар ел тарихындағы маңызды шараға қатысуға шақырылды.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық «Жедел жәрдем станциясы» БКҰ мүшелерімен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға орай түсіндірме кездесу өткізілді. “Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы БҚО филиалы төрағасы М.Кусаинов ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған іс-шараның елімізде тарихи өзгеріс жасауға өз үлесін қоса алатынын жеткізді. Референдумнан кейін бүкіл қоғамдық саяси-құқықтық процесстер тез өзгеретінін түсіндірді. Жиын барысында салалық кәсіподақ төрағасы кәсіподақ мүшелеріне танымдық буклеттер таратып, референдум аясында өзгерістер мен түзетулер енгізілетін заңнамаларға тоқталып өтіп, халықтың сана-сезіміне оң өзгерістер әкелетінін мәлімдеді.
Және де Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Орал қалалық комитеті – Филиалының төрағасы Т.Темешев пен маман А.Таутенова қалалық №1, №27, №33 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымымен кездесуде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, барлық ұжымды референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуымен тұспа-тұс келген кездесу шарасында жыл қорытындысы бойынша белсенді кәсіподақ мүшелерін Құрмет грамоталарымен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.