Қызылордалық еңбеккер әйелдер жалпыхалықтық референдумның маңызын талқылады

Қызылорда облысындағы қоғам өміріне белсенді араласып жүрген әйелдермен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова кездесіп, сұқбаттасты. Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және 5 маусымға белгіленген жалпыхалықтық референдумның мағынасы талқыланды. Басқосуға жиналған аймақтың белсенді әйелдер тобы қатарында жиынға аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Майра Боранбаева, Қызылорда қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрайымы Орынша Әлімбетова бар.


Кездесуде жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталған сенат депутаты Ақмарал Әлназарова әйелдер қауымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Сонымен қатар, сенат депутаты заңнамалық өзгерістер бойынша Конституция баптарына тоқталып, салыстырмалы кестеде түзетулерді атап көрсетті.

Кездесу барысында әйелдер қауымы өңірді дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қозғап, референдумға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.