Ақтөбеде бастауыш кәсіподақ ұйымдары референдум маңыздылығын талқылады

Референдумның маңызын бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне түсіндіру мақсатында Шалқар аудандық штаб өкілі, кәсіподақ жетекшісі Г.Құлекенова Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды ақпараттық-түсіндіру бойынша №6 орта мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесу дөңгелек үстел, еркін пікірлесу форматында өтті. Көпшілік өзгерістерді талқылауда өзекті, көкейіндегі мәселелерге қатысты ұсыныс, сұрақ-жауап қозғап, пікір алмасты.