Кәсіподақтар аудан тұрғындарымен референдумды талқылады

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Ата Заңымызға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті.


Кездесуде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев қатысушыларға 5-маусымда өтетін референдумда ҚР Конститутциялық баптарға қандай өзгертулер енгізілгелі тұрғандығын кеңінен түсіндіре отырып, әрбір қазақстандық үшін алдағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов еліміз үшін маңызды саяси кезеңде азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға қатысуға қатысуға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар Референдумды өткізу шешіміне қолдау білдіріп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, алдағы Референдумға бірауыздан қатысатындықтарын жеткізді.