Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Орал қалалық комитеті филиалының төрағасы Т.Темешев және маман А.Таутенова №7 «Айналайын», №33 «Орленок» бөбекжайларының ұжымымен кездесті. Жиналысты балабақша меңгерушілері ашып, кәсіподақ жұмысы туралы қысқаша баяндады.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Орал қалалық комитеті филиалының төрағасы Тулеген Темешев кәсіподақ еңбек адамының мұң- мұқтажын, мақсат-мүддесін қорғайтын пәрменді ұйым және еңбек құқығының бұзылмауын қадағалау, педагогтарға әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету, ұжымдағы еңбек дауларын оңтайлы шешу – кәсіподақ ұйымдарына жүктелген маңызды міндеттердің бірі екенін айтты.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің бастамасымен 2022 жылы 5 маусымда өтетін референдумға қатысуға шақырып, елімізде болып жатқан геополитикалық жағдайларға бей-жай қарамауға шақырды. Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалауға үндеу тастады.