«Shymkent bus» ЖШС кәсіподақ мүшелері 5 маусым күні өз таңдауларын жасайды

Бүгінде жалпыхалықтық дауыс беру кеңінен насихатталып жатыр. Сонымен қатар қоғамдық орындарда референдумды түсіндіру жұмыстары ауқымды көлемде жүргізіліп, халықпен кездесулер ұйымдастырылуда. Осындай кездесудің бірі – Шымшаһардағы «Shymkent Bus»ЖШС-і бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлерімен өткізілді.


Кездесу барысында сөз алған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Руслан Ақжігітов кәсіподақ мүшелеріне, жүргізушілер мен жұмысшыларға ағымдағы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін Қазақстан азаматтарының өз пікірін білдіретін жалпыхалықтық референдум – Жаңа Қазақстан үшін және болашақ ұрпақ үшін азаматтық жауапкершілігімізді көрсетудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Мекеме қызметкерлері саяси науқанға қатысты сауалдар қойып, өз пікірлерін айтты.

Жиналғандардың пікірінше, бұл референдум әділетті, әрі ашық мемлекет құрудың бастамасы деп, бірауыздан алдағы референдумға белсенді қатысатындарын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Shymkent Bus» ЖШС-інде 1000-нан астам жұмысшы жұмыс істейді. Оның 700-і кәсіподақ мүшесі.