2022 жылғы 26 мамырда Одақтар үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі Н.С. Өтешевтің, «Торайғыров университеті» ректорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Т. Садықовтың, облыстық мәслихаттың депутаты, «Шаңырақ» орталығының басшысы А.Жарқынбектің қатысуымен, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М. А. Иванова Павлодар облысының салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері филиалдарының өкілдерімен кездесу өтті.
«Референдум өткізу халықтың ерік-жігерінің айқын көрінісі болады. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан – жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады», – деді Е. Т. Садықов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өміріндегі маңызды оқиға ретінде республикалық референдум өткізу Н.С. Өтешев: «Референдумның негізгі мақсаты-мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша Президенттің өкілеттігін қысқарту және Парламенттің өкілеттігін кеңейту көзделген.
Кәсіподақтар үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайтуға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған түзетулер ерекше маңызға ие».
Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің мүшелері А.Жарқынбек және М. А. Иванова Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған түзетулерді түсіндірді. Кездесуге қатысушылар-салалық кәсіподақтардың кәсіподақ қозғалысының өкілдері конституциялық реформа мен өткізіліп жатқан референдумға қолдау білдірді.
«Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ
Баспасөз қызметі