Бастауыш кәсіподақ ұйымында референдум маңыздылығы талқыланды

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Ветеринарлық қызмет» Қазығұрт аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұжымында кездесу өткізді.


Кездесуде кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлық ұжым қызметкерлерін саяси науқанда белсенділік танытып, 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, кездесу барысында кәсіподақ мүшелері Референдум жайлы толғандырған пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салып, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.