Ақтөбеде әйелдер еңбегіне қатысты өзекті мәселелер талданды

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

Басқосудың күн тәртібіне қоғамдағы өзекті мәселелер енгізілді. Мәселен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, мүгедек әйелдердің еңбекке араласуы және ерлер мен әйелдер арасындағы маскүнемдік, нашақорлық мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар осы тақырыптар төңірегінде ақпараттарымен, іс-тәжірибелерімен бөлісті.