Үздік еңбеккерлер марапатталды

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Горводоканал» МКК қызметінің негізгі мақсаты Екібастұз қаласының, Майқайың, Атығай, Қоянды кенттерінің халқын шаруашылық-ауыз сумен, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қала тұтынушыларының кәріз жүйесінің ағындарын және сарқынды суларды бұруды уақтылы және үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері кәсіподақ комитеті қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құрамында бүгінде 520 адам бар.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы «Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, құрылыс кешені және қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрамына кіреді.


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды күшейту, әлеуметтік әріптестікте кәсіпорында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын сақтау мақсатында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған бірқатар іс-шаралар өткізілді: өндірістік учаскелердің жұмыс орындарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне тексерулер, жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануын бағалау, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді. автомобиль жүргізушілері арасында конкурстар өткізілді, слесарьлардың жөндеу бригадаларын тасымалдау үшін ең қауіпсіз және абаттандырылған көлік құралына (вагоншаға) өндірістік учаскелердің қызметкерлері арасында викторина өткізілді.

Қорытындылау кезінде жеңімпаздарға тұрмыстық техникалар: шәйнектер мен микротолқынды пештер табысталып, грамоталар табыс етілді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу үшін кәсіпорында қолданылатын ішкі қауіпсіздік шараларының құрамында кешенді тәсілдің кепілі болып табылады.