Референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы Бектас Шірікбаев Түркістан қаласындағы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелері талқыланып: «Референдум – игі бастамалардың алғашқы қадамы, бұл ең алдымен халық үшін маңызды. Өйткені, референдум арқылы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шын мәнінде халықтың билігін нығайта түседі. Осы ретте еліміз үшін маңызы бар алдағы 5 маусымда Референдумның өтуіне үлес қосып, бір адамдай қатысып, ойымызды білдіруіміз қажет» – деп өз ойын білдірді комитет төрағасы Бектас Шірікбаев.
Өз кезегінде қатысушылар Референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, еліміздің болашағы үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шарада азаматтық белсенділік танытып 5 маусым күні өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.