Шымкентте қалалық штаб мүшелері сан түрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген жастармен референдумды қолдауға арналған еркін форматта кезекті кездесуін өткізді. Басқосуда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың негізгі бағыты мен маңыздылығы түсіндірілді. Жиында сөз алған «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қалалық штаб мүшесі Баян Жандосова Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылатындығын айтып, саяси науқанның маңызды қадамдарына кеңінен тоқталды.
Әрі қарай сөз алған «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы, қалалық штаб мүшесі Айнұр Бекасанова жастарды белсенділік танытып, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға қатысуға шақырды. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқандығын жеткізді.
Пікірталас аясында көшбас¬шы жастар референдум өткізу және Конституциялық реформа туралы өз ойларын ортаға салды. Жас қазақстандықтар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесіндегі өзгерістерден құр қалмай, референдумға қатысатындарын жеткізді.
Шымкентте Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары Қаратау ауданының жастарымен жүргізілді.
Жиынға «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Айнұр Бекасанова мен «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова қатысты. Кездесу барысында өңірлік штаб мүшелері Конституцияның 33 бабына енетін өзгерістер туралы ақпарат беріп, жастарды 5-маусымда ел аумағында өтетін референдумға қатысуға шақырды. Қатысушылардың арасында қарсы пікір білдірушілер болғанымен, соңынан референдумның мән-мақсатын түсіне келе референдумды қолдайтындарын, сол күні дауыс беруге міндетті түрде баратындарын жеткізді.