ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ еңбек ұжымының бастамасымен ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдум бойынша қызметкерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілі, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова, 30-дан астам қызметкер қатысты.
Еліміздің Негізгі заңына түзетулерді түсіндіру барысында С.Төлегенова қызметкерлерді өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды. Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, нәтижелі диалог жүргізілді.
Кездесуге қатысқан «ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ ұжымы еліміздегі алдағы тарихи оқиғаға қолдау білдіріп, ағымдағы жылдың 5 маусымында республикалық референдумда белсенділік танытуға міндеттенді.