«Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Р.Даумова Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды өткізуді қолдау мақсатында «Каустик» АҚ еңбек ұжымымен кездесіп, онда 2022 жылғы 5 маусымдағы Республикалық референдумның өткізілуіне назар аудара отырып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында баяндалған конституциялық реформалар туралы айтып берді.
«Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер туралы айтып, конституциялық реформаның бағыттарын түсіндірді.
«Біздің балаларымыз бен немерелеріміз қазіргі Қазақстанда тұрады және бүгінде әрбір қазақстандық өз пікірін білдіре алады, алдағы референдумда өз дауысын бере алады», – деді спикер.
Еңбек ұжымының өкілдері Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар қажет екенін айтып, 5 маусымда өздерінің сайлау учаскелерінде дұрыс таңдау жасау – мемлекетіміздің жаңартылған жаңа Конституциясына дауыс беру үшін бүкілхалықтық дауыс беруге қатысуға дайын екендіктерін білдірді.