Алдағы 5 маусымда өткізілетін жалпыхалықтық Референдум туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Қасымбек Хаметов Мақтаарал ауданының «Мырзакент кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қасымбек Хаметов қатысушыларға Референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, қызметкерлердің сауалдарына жауап беріп, пікір алмасты. Сондай-ақ еліміз үшін маңызды саяси кезеңде оқиғадан тыс қалмай Референдумға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде қатысушылар өз тарапынан Ата заңымыздағы өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, 5 маусым күні өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.