Кәсіподақтар ұжым қызметкерлерін конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық Референдум өтеді. Осы ретте ақпараттық-түсіндірме жүргізу мақсатында, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Қасымбек Хаметов Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті “Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп” КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.

Кездесуде қоғамдық бірлестік төрағасы Қасымбек Хаметов Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме бере отырып, қатысушылардың Референдум төңірегіндегі сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасып, барша қатысушыларды еліміз үшін маңызды саяси кезеңде 5 маусым күні жалпыхалықтық Референдумға қатысуға шақырды.
Жиын соңында қатысушылар Президентіміздің бастамаларына қолдау білдіріп, ұжым болып Референдумда белсенділік танытатындықтарын жеткізді.